Меню KDT
Мектеп мәзірі

«1-ші сыныпқа қабылдау» пайдаланушы нұсқаулығы

«1-ші сыныпқа қабылдау» пайдаланушы нұсқаулығы
1-сынып баланы қабылдауға өтініш беру үшін ата-ана http://school.nursultan.e-orda.kz порталына кіру қажет, содан кейін сайттың басты бетіндегі «1-ші сыныпқа қабылдауды» басу керек.

Нұсқаулықты сілтеме бойынша жүктеп алуға болады - https://drive.google.com/file/d/1HKu8HHhxwGYzxv6uAmEBM6znfOK2d16u/view?usp=sharing



Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіптері

  1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
  2. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
  3. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
  4. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
  5. Баланың сабақтан тыс іс-шараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
  6. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын  қадағалауға;
  7. Егер бала мектеп мүлкін  бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
  8. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
  9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
  10. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
  11. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
  12. Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
  13. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
  14. Баланың  салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
  15. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.

Ата-аналарға  қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

  1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
  2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
  3. Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
  4. Оқушыны демалыс кезінде  мектептің жоспары бойынша  ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
  5. Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.
  6. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
  7. Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
  8. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін  көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
  9. Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары  жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
  10. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.

 

Ата - аналар, сіздер үшін

1.Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті;

2.Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс;

3.Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек;

4.Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс;

5.Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю  рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек;

6.Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс;

7.Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы;

8.Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық;

9.Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс;

10.Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.

Рухани жаңғыру

Посмотреть на карте Астаны
Біздің сайтқа баға беріңіз:

Дауыс беру

Полезные ссылки

Copyright © 2018
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены.

Copyright © 2018
  • Осы айда: 642
  • Осы аптада: 225
  • Кеше: 14
  • Бүгін: 21
  • Желіде: 1