Меню KDT
Мектеп мәзірі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,
өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге
ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.

I бөлім

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап

1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Ескерту. 1-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.21 N 18/2 қаулысымен.

2-бап

1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.

3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар.

Ескерту. 2-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.04.23 N 4 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап

1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.

2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.

Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.

4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Конституцияның толық нұсқасы http://www.akorda.kz/kz/official_documents/constitution

 

Рухани жаңғыру

Посмотреть на карте Астаны
Біздің сайтқа баға беріңіз:

Дауыс беру

Полезные ссылки

Copyright © 2018
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены.

Copyright © 2018
  • Осы айда: 636
  • Осы аптада: 219
  • Кеше: 14
  • Бүгін: 15
  • Желіде: 0